Алматыда бетон араластырғыш пен мопед соқтығысып, бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Алматыда мопед пен бетон араластырғыш жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мопед пен бетон араластырғыш жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 18 наурызда кешке Қарасу шағынауданында болған. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, мопед жүргізушісі Мөңкеұлы көшесімен батыс бағытта келе жатып, Қарасу шағынауданында Сүмбіле көшесімен қиылыста "Жол бер" белгісі тұрғанына қарамастан, қиылысқа шығып кеткен. Сол сәтте солтүстікке қарай жүріп келе жатқан Howo маркалы жүк көлігімен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан мопедтің 19 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети