21 наурыз 2016 15:23

Алматыда "биші" автокөліктердің жүргізушілері жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеоролигінен алынған кадрлар YouTube видеоролигінен алынған кадрлар

Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған кортеж автокөліктерінің жүргізушілері жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматыда жол қозғалысы ережесін бұзған кортеж автокөліктерінің жүргізушілері жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Алматыда куәгер "биші" автокөліктерді видеоға түсіріп алды. Видеодан бірнеше автокөлікті көруге болады. Кортежде екі Mercedes Benz, бір Toyota Camry мен қара түсті екі Lada маркалы көлік болған. Олардың барлығы "апаттық белгісін" қосып алып жүріп барады. Назарға ерекше іліккені Lada болды, ол арасында жолдың қарсы бағытына шығып, жолда "билеп" бара жатты.

Полицейлердің хабарлауынша, екі жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Lada автокөлігін басқарған 18 жастағы жүргізушіге жолдың қарсы бағытына шығып кеткені үшін айыппұл салынды, ал Toyota Camry жүргізушісі ереже бұзғаны үшін жазаланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети