Алматыда блогер метро вагонына жабысып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда блогер метро вагонына жабысып алған Видеодан алынған кадр

Алматыда блогердің метро вагонына жабысып алғаны түсірілген видео тарады. Құқық қорғау органдарының өкілдері видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда блогердің метро вагонына жабысып алғаны түсірілген видео тарады. Құқық қорғау органдарының өкілдері видеоны зерттеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны экстремалдың өзі түсірген. 

Метро өкілдері бұл жағдайға қатысты пікір білдірді.

"2020 жылдың 2 қарашасында SHERIFF Almaty YouTube каналында "Зацеп метро Алматы" видеосы жарияланды. 

Видео авторы пойыздың бекіту құрылғысына жабысып, "Алмалы" станциясынан "Абай" станциясына дейін барған. Сол кезде жолаушыларға қызмет көрсететін кезекшілер өздерінің қызметтік міндетін атқара отырып, қарама-қарсы платформада жүрген. Блогер осы сәтті пайдаланып, метро вагонына жабысып алған. Барлығы видеобақылау камерасына түсіп қалған.

"Метрополитен" видео авторына қатысты шаралар қолданылуы үшін полицияға арыз жолдады. Ол метродағы ережені бұзып, өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіре отырып, пойыз қозғалысының кестесін бұза жаздады", - делінген хабарламада.

Енді полиция блогерді іздестіріп жатыр.

"Қазіргі уақытта "Метрополитендегі" полиция бөлімінің қызметкерлері ер адамды іздестіріп жатыр. Оның іс-әрекетіне заңға сәйкес құқықтық баға беріледі, - деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети