1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда BMW мен Hyundai автокөліктері соқтығысты: Қыз бала қайтыс болды

Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан Сурет "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматының Шаляпин көшесінің бойында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, Яссауи мен Әшімов көшелерінің арасында шығыс бағытта кетіп бара жатқан BMW маркалы автокөлік белгісіз себептермен жолдың қарсы бетіне өтіп кетіп, Hyundai автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан. 





Суреи "Территория происшествий" бағдарламасынан

Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW салонындағы үш адам және Hyundai автокөлігінің ішінде отырған төрт адам зардап шекті. Олардың барлығы дереу жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Кейінірек алған жарақатынан BMW салонында отырған қыз бала қайтыс болды. 

Қалалық полиция қызметі оқиғаның мән-жайын анықтайтын болады.