22 ақпан 2018 09:21

Алматыда BMW X6 жүргізушісі жол апаты болған жерден қашып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Территория происшествий" © "Территория происшествий"

Алматыда BMW X6 мен Toyota Carina E соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.


Алматыда BMW X6 мен Toyota Carina E соқтығысып қалды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы ақпанның 21-нен 22-не қараған түні Момышұлы мен Қабдолов көшелерінің қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, кроссовер Момышұлы көшесімен солтүстік бағытта, ал Toyota жүргізушісі шығыс бағытта келе жатқан.

Бірақ неліктен екені белгісіз екі көлік көше қиылысында соғысып қалған. Жол апаты салдарынан Toyota жүргізушісі зардап шегіп, ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, BMW жүргізушісінің полицейлер келгенше оқиға орнынан жасырынғаны айтылады.


© "Территория происшествий"

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети