Желіде Алматы қаласы Жетісу ауданында болған жол апатының видеосы тарады. Кадрларда ГАЗель жүргізушісі соғылған көлікте қысылып қалғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Алматы қаласы Жетісу ауданында болған жол апатының видеосы тарады. Кадрларда ГАЗель жүргізушісі соғылған көлікте қысылып қалғаны көрінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видео Instagram-дағы kris_p_almaty парақшасында жарияланды. Кадрларда соғылған көліктің айналасында жиылған топ-топ адамды көруге болады.
"ГАЗельден" түк қалмаған. Адам қысылып қалыпты", - дейді кадр сыртындағы адам.
Назар аударыңыз, әдепсіз лексика бар!
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Басқа видео police.kz парақшасына жүктелді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы Жетісу ауданында Бөкейханов көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында болғанын хабарлады.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан "ГАЗель" жүргізушісі жарақат алды. Екі аяғы жараланып ауруханаға жеткізілді. Басқа да апат қатысушылары зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта аталған деректі Жетісу аудандық полиция басқармасының әкімшілік тәжірибе бөлінісі өндіріске алды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Полиция өкілі жүргізуші алған зақымның ауырлық дәрежесін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалатынын айтты. Басқа да жағдайлар тергеу барысында зерттеледі.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!