Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Алматыда болған жол апатында Audi R8 екіге бөлініп қалды

13 Желтоқсан 2015, 17:18
3
© kolesa.kz
© kolesa.kz

Алматыда суперкар Audi R8 бөлшектеліп қалды. Жол-көлік оқиғасы Абай даңғылында 13 желтоқсанға қараған түні болған, - деп хабарлайды Kolesa.kz.

Куәгерлердің айтуынша, спорткардың жүргізушісі аса жоғары жылдамдықпен Абай даңғылымен шығыс бағытқа қарай жүріп бара жатқан. Манас көшесімен қиылысқан жерде ол рульге ие бола алмай, жарық түсіріп тұрған бағананың діңгегіне бір жақ жанымен барып соғылды. Қатты соққыдан көлік екіге бөлініп қалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді, жағдайының қандай екені белгісіз.

Куәгерлердің сөзіне және суреттер мен видеоға қарағанда, көлік жаз мезгіліне арналған дөңгелектермен жүрген. Жоғары жылдамдықта "ұшып" бара жатқан көліктің тайғақ жолда апатқа ұшырауына сол да себеп болуы мүмкін.


© kolesa.kz


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай