28 ақпан 2016 | 19:50

Алматыда болған ірі жол апатына қатысты жаңа деректер анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы Шығыс айналма жолында тіркелген ірі жол апатына себепші болған жүргізушінің есірткіге мас болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыдағы Шығыс айналма жолында тіркелген ірі жол апатына себепші болған жүргізушінің есірткіге мас болғаны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін жол апатының 26 ақпанда түстен кейін болғаны хабарланған еді. Subaru жеңіл автомобилі алдында кетіп бара жатқан жүк автокранына соқтығысты. Мәліметтер бойынша, Subaru көлігін 32 жастағы ер адам басқарған. Медициналық куәландырудың нәтижесі оқиға кезінде оның есірткіге мас болғанын көрсетіп берді.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, жүк көлігі сол жақтағы шеткі жолақпен оңтүстік-батысқа қарай бағыт алған, ол көліктің көмегімен кәсіпорындардың бірінің жұмысшылары тазалау жұмыстарын жүргізумен айналысыпты. Жеңіл автокөлік жүк көлігінің артқы жағынан келіп соқтығысқан. Соққы Subaru көлігінің сол жағынан болды - оң жақтан басқарылатын көліктің жолаушы отыратын жағы. Соның салдарынан көлікте отырған 26 жастағы жолаушы қаза тапты, ол жол апаты кезінде аса ауыр жарақат алып, көз жұмды», - деді Алматы қалалық ІІД тергеу басқармасының басшысы Рустам Әбдірахманов.

Оның айтуынша, адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы сотқа дейінгі бірыңғай реестрге тіркелді. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторында отыр. Таяу күндері оған қатысты жүргізілетін тергеу мерзіміне бұлтартпау шарасын белгілеу үшін ол сотқа беріледі.

<video controls="controls" width="550" height="350"> </video></p>

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети