1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматыда Бостандық ауданынан ер адам асылып қалған күйі табылды

© Николай Колесников © Николай Колесников

Алматы полициясы Бостандық ауданында асылып қалған ер адамның денесінің табылу дерегі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.

Ер адамның денесінің нақты қай жерден табылғаны белгісіз. "Асылып қалған ер адамның денесінің табылу дерегі бойынша Бостандық аудандық ІІБ тергеу амалдарын бастады, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Әскери адам екен деген ақпараттың қайдан пайда болғанын білмеймін. Толығырақ ертең хабарлаймыз", - деді Салтанат Әзірбек. Өз кезегінде Бас әскери прокуратура да оқиғаға қысқаша түсінік берді. "Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Бірдеңе деуге ерте", - деп хабарлады баспасөз қызметі.