Алматыда кішкентай бала 12-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады.
Алматыда кішкентай бала 12-қабаттың терезесінен құлап кетті. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне куәгерлер хабарлады.
Олардың айтуынша, оқиға Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы "Премьера" тұрғын үй кешенінде болған. Балаға бала күтуші қарап жүрген. "Бұл оқиға бүгін шамамен 13.30-да болды. Бала терезеден қарағысы келген. Ал терезенің торы болған. Содан терезенің торы түсіп кетіп, бала құлап кеткен. Ата-аналары үйде болмаған сияқты", - деді ер адам.
Айта кетейік, құлап кеткен баланың 2013 жылғы екені белгілі болды. Сонымен қатар, баланың жедел жәрдем қызметкерлері келгенге дейін оқиға орнында қаза болғаны хабарланды.
Еске салайық, 21 маусымда Ақтауда төрт жасар қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен болатын. Дәрігерлер қыздың өмірін аман алып қала алмады. Ол ауруханада есін жимастан қайтыс болды. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.