Алматыда бұзақылар метро вагондарына сурет салып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда бұзақылар метро вагондарына сурет салып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық қоғамдық кеңесте қоғамдық көлікті дамыту мәселесін тыңдау барысында кеңес мүшесі Александр Біләлов Алматы метрополитені қауіпсіздігін арттыру үшін қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады. Оның айтуынша, шамамен бір ай бұрын метрополитеннің қызмет көрсету және арнайы күзетілетін үй-жайларына рұқсатсыз кіру тіркелген. Бұзақылар көліктерді бояған. Оларға бірнеше сағат кеткен, осы уақыт ішінде оларды ешкім тоқтатпағаны айтылды. Біләловтың айтуынша, оларда бұдан да қауіпті әрекеттерге жеткілікті уақыт болуы мүмкін еді. Қоғамдық кеңес мүшесі стратегиялық нысанның қауіпсіздігін күшейту үшін қандай шаралар қолға алынғанын және кінәлілер қалай жазаланғанын сұрады.
Бір ай бұрын, наурыздың басында осындай оқиға болған. Вагондар Райымбек станциясына іргелес тұйық тұрған. Бұзақылар жерасты кеңістігіне түнде венткиоск арқылы кіріп - метроны желдету үшін тұрған арнайы құрылым. Олар осы құрылым арқылы жерастына кіріп, екі вагонға сурет салып кеткен. Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, полиция айналысады", - деді Алматы метрополитені директорының міндетін атқарушы Қанат Ахметов.
Бұзақылық дерегі бойынша құқық қорғау органдары әкімшілік іс қозғаған. Метрополитен басшылығы ішкі аудит жүргізіп, нәтижесінде бірқатар жауапты қызметкерге тәртіптік шара қолданылғаны айтылды.
Сондай-ақ, күзет жүйелеріне жоспардан тыс кешенді тексеру жүргізіліп, күзет қызметі мен көліктік қауіпсіздік қызметінің жұмысы күшейтілген. Сонымен қатар, қолжетпейтін жерлерге қозғалыс сенсорлары қайта орнатылып, заңсыз кірудің алдын алу үшін қосымша металл торлар орнатылады, деп хабарлады метро өкілдері.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!