15 маусым 2019 10:37

Алматыда бұзылған автокөлікті итеріп бара жатқан ер адамдарды көлік қағып кетті

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы © СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда өшіп қалған көлігін жол жиегіне итеріп апарғысы келген екі ер адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 


Алматыда өшіп қалған көлігін жол жиегіне итеріп апарғысы келген екі ер адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. 

Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылы мен Қасым Шәріпов көшесінің қиылысында болды. 

Куәгерлердің айтуынша, екі ер адам Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта Toyota Carina E автокөлігін итеріп бара жатқан. Көлік бұзылып қалған соң, олар жол жиегіне апарғысы келген. 

Осы уақытта батыс бағытта Mitsubishi Galant автокөлігі жүріп бара жатқан. Mitsubishi жүргізушісі белгісіз себептермен Toyota-ға қатты жылдамдықпен келіп соғылған. Ер адамдар екі автокөлік арасында қысылып қалған. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адамдар жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің бірі ауыр хәлде. 


Одан әрі барлық жағдайды анықтаумен полицейлер айналысады.


© СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети