Алматыда Daewoo Nexia жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда Daewoo Nexia жүргізушісі жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы Ақбұлақ ықшамауданында болды. Куәгерлердің айтуынша, Daewoo Nexia жүргізушісі Рысқұлов көшесімен шығыс бағытта кетіп бара жатып, Шәріпов көшесіне солға бұрылмақшы болған. Осы кезде батыс бағытта кетіп бара жатқан Audi автомобилі кенеттен шыға келген. Екі көлік соғысқан. Соққы салдарынан Daewoo Nexia көлігі бағанға барып соғысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан Daewoo Nexia жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. Ал Audi көлігінің жолаушысы дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның мән-жайын полиция қызметі анықтайтын болады.
"Территория происшествий" бағдарламасы