08 тамыз 2017 17:43

Алматыда дәрігер науқасты қарау кезінде ыңғайсыз қылық көрсеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы №13 қалалық емханаға келушілердің біріне дәрігер жұмыс орнында мас күйінде отыр деген күдік келген. Ер адам кабинетке камерамен кіріп келіп, оқиғаны видеоға түсіре бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыдағы №13 қалалық емханаға келушілердің біріне дәрігер жұмыс орнында мас күйінде отыр деген күдік келген. Ер адам кабинетке камерамен кіріп келіп, оқиғаны видеоға түсіре бастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, 7 тамызда ол емханаға балаларымен бірге келген. Офтальмолог дәрігер науқасты сағат 17.00-де қабылдауы керек керек болған, алайда ол жұмысқа жарты сағатқа кешігіп келген.

"Мен оны дәлізде көріп қалдым. Содан кабинетке кіріп, еңбекке жарамсыздық туралы парақшамды жауып беруін сұрадым. Камерамды да қосып қойдым. Видеодан оның қандай күйде отырғаны  көрініп тұр. Дәлізде кезекте тұрған адамдар да оның осындай күйде жиі жүретінін айтты. Біз оны өткен жолы да көргенбіз, бірақ ол сол кезде соншалықты мас болған жоқ еді. Дәрігерлер де, науқастар да бұл дәрігер жайлы біледі", - дейді видеоның авторы.

Емханадағылар басшылықтың бұл оқиға жайлы білетінін айтты. Қызметтік тексеріс басталды, оның нәтижесі бойынша қажетті шаралар қолданылады. Жұмыстан шығарылуы да мүмкін.

"Емхана тіркеушісі бүгін таңертең осындай жағдайдың болғанын айтты. Біз бұл жайлы білеміз, қажетті әкімшілік шараларды қолданамыз. Офтальмолог біздің емханада бес жылдан аса уақыт жұмы істейді. Жақсы маман ретінде саналады. Ол тағы бір жерде жұмыс істейді. Қалада мұндай мамандар өте аз. Бұған дейін оның үстінен ешқандай шағым түскен жоқ", - деді  №13 қалалық емхананың сарапшы дәрігері Михаил Саяпин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети