12 тамыз 2016 10:25

Алматыда дөнер асханаларының бірінде өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тengrinews.kz © Тengrinews.kz

Алматыда елге танымал болған дөнер асханаларының бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.


Алматыда елге танымал болған дөнер асханаларының бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетоваға сілтеме жасап.

Төле би мен Фурманов көшелерінің қиылысында орналасқан кафеде өрт шықты деген хабар 00.44-те түскен. Алты минут өткенде бірінші өрт сөндіру техникалары келген. Master Doner кафесінің ғимаратында асхана бөлмесінің төбесі өртке оранғаны белгілі болған. Өрттің жайылуы сағат 01.00-де тоқтатылып, 01.10-да толығымен сөндірілген. 35 адам қауіпсіз жерге көшірілген, оның ішінде екеуі бала. Өрттің аумағы сегіз шаршы метрді құраған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети