26 сәуір 2018 10:05

Алматыда дөнер асханасы мен банкет залында өрт шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгер жолдаған сурет. Куәгер жолдаған сурет.

Алматыда КамАЗ орталығы маңында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда КамАЗ орталығы маңында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сағат 06.06-да Алматы қалалық ТЖД "101" пультіне Жетісу ауданы, Геологтар көшесі, №1 Б мекенжайы бойынша орналасқан дөнер асханасы өртеніп жатқаны жайлы хабарлама келген. Өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 06.14-те келді. Дөнер асханасында шыққан өрттің бір қабатты "Достар" банкет залының шатырына жеткені анықталды", - деп хабарлады Алматы ТЖД ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

Өрт сағат 06.56-да ауыздықталып, сағат 07.15-те сөндірілді. Өрттің аумағы - 70 шаршы метр. ТЖД мәліметінше, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.


Куәгер жолдаған сурет

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети