Алматы полициясы достарын көліктің үстіне шығарып қыдыртқан жүргізушіні жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Үш жігіттің жүріп бара жатқан көліктің үстіне шығып алғаны жазылған видео таяуда Желіде жарияланды. Полицейлердің мәлімдеуінше, видеодағы жазбадан жол қозғалысы, нақтырақ айтқанда жолаушыларды тасымалдау ережесінің өрескел бұзылғанын көруге болады.

"Honda маркалы авкөлігінің үш жолаушысы қауіпті трюк жасап, өздерінің және жол қозғалысының өзге қатысушыларының өмірін қатерге тікті. Жолда мұндай әрекеттерге жол беруге болмайды, ол үшін заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған", - деді Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары полиция подполковнигі Жандос Мұратәлиев. Оның сөзіне қарағанда, іздестіру бөлімінің қызметкерлері көліктің жүргізушісін анықтаған. Ол Алматының Алмалы ауданының тұрғыны, 1993 жылы туылған. Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетейік, видеожазба YouTube порталына жарияланды. Кадрларда жазбаның Медеуге бара жатқан жолда түсірілгені көрінеді. Видеодан Honda маркалы көлігінің мемлекеттік номерін байқауға болады.