Алматыда "дрифт-шоудың" үшінші қатысушысы 10 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда "дрифт-шоудың" үшінші қатысушысы 10 күнге қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қаласы әкімшілік істері жөнінде мамандандырылған ауданаралық соты азамат Байрамов Рахиб Рапикті "Ұсақ бұзақылық" жасағаны үшін 10 күнге қамауға алуға шешім шығарды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, екі көліктің әл-Фараби даңғылының бойында қауіпті маневр жасағаны бейнеленген видео Интернетте 27 қыркүйекте пайда болған еді. Кейін жүргізушілердің ұсталғаны хабарланды.
29 қыркүйекте полиция қауіпті фрифт жасаған екі адамның қамауға алынғанын хабарлады.