Алматыда екі баланың мәйіті тоңазытқыштан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі баланың мәйіті тоңазытқыштан табылды

Алматыдағы Түрксіб ауданында жалдамалы пәтердің тоңазытқышынан екі баланың мәйіті табылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жергілікті тұрғындар хабарлады. Кейбір мәліметтер бойынша, мәйіттер тоңазытқыштың ішінен табылған.

Мұның алдында әйел үш баласымен пәтерді жалға алғаны айтылады. Үлкені төрт, ал ортаншысы бір жарым жаста екен. Кеншесі бір жасқа да келмеген. 

Тұрғындар иіс сезіп, полицейлерді шақыртқан. Полицейлер есікті бұзып кіріп, кіші балаларының денелерін тапқан. Ал үлкені мен әйелдің қайда екені белгісіз. 

Өз кезегінде құқық қорғау органдарының өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне бұл мәліметті растады. Осы іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети