Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда екі қабатты ғимарат өртенді Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Алматыда Рысқұлов даңғылында екі қабатты ғимарат өртенді, оны 60 адам сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Рысқұлов даңғылында екі қабатты ғимарат өртенді, оны 60 адам сөндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

4 сәуірде сағат 13:22-де өрт сөндірушілер Алатау ауданы, Рысқұлова даңғылы, 258 мекен-жайындағы ғимаратты сөндіруге аттанды.

Фото: Алматы ТЖД

"Оқиға орнына 5 минутта жеткен кезде 2 қабатты ғимарат жанып жатты. Газ және түтіннен қорғау қызметі барлау кезінде адамдар табылмады, өрт сөндіргіш оқпандар жеткізілді, өрт сөндіруге арналған цистерналар гидранттарға орнатылды, үздіксіз сумен жабдықталды. Өрт болған жерде 18 техника мен 60 жеке құрам жұмылды", - деді қалалық ТЖД қызметкерлері.

Сағат 13:58-те өрт ауыздықталған. Өрт орнынан көлемі 25 литр газ балоны шығарылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети