1. Басты
  2. Біл
  3. Тосын жай

Алматыда екі минивэн бетпе-бет соқтығысты

© "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы © "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда екі минивэн бетпе-бет соқтығысып қалды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Delica мен Mercedes-Benz минивэндері Рысқұлов даңғылының бойында Белинский мен Розовая көшелерінің аралығында соқтығысқан. Куәгерлердің айтуынша, Delica шығыс бағытта келе жатып, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен де, Mercedes-ке соғылған. 

Оқиға орнына келген дәрігерлер Delica жүргізушісін ауруханаға жеткізді. Болжам бойынша, оның аяғы жарақаттанған. Ал Mercedes-Benz жүргізушісі ауруханаға жатудан бас тартты. 


© "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы