Кеше Алматы орталығында кешкі уақытта екі ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Кеше Алматы орталығында кешкі уақытта екі ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Бірінші жол апаты Пушкин мен Шевченко көшелерінің қиылысында болған. Volkswagen жүргізушісі "Стоп" белгісін елемей немесе байқамай, қиылысқа шығып кетіп, Nissan Tiida жүргізушісімен соғысып қалған. Салдарынан алты адам зардап шеккен. Олардың төртеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қалған екеуі ауруханаға жатудан бас тартты.
Екінші жол апаты Абай даңғылы мен Наурызбай батыр көшесінің қиылысында болған. Mercedes-Benz жүргізушісі бар жылдамдықпен келе жатып, жарнамалық билбордты соғып кеткен. Бірақ, абырой болғанда, жүргізуші аман қалды.