Алматыда электр қуаты өшуіне не себеп болғаны айтылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда электр қуаты өшуіне не себеп болғаны айтылды

Алматыдағы бірнеше ауданда электр қуаты өшіп қалды. "Алатау Жарық компаниясы" жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы бірнеше ауданда электр қуаты өшіп қалды. "Алатау Жарық компаниясы" жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компания мәліметінше, сағат 10.31-де "Еременсай" қосалқы станциясында 110 киловатт №148а желісі бойынша электр қуаты апат жағдайында сөндірілген. "Алатау Жарық компаниясы" ақпаратына сүйенсек, нәтижесінде Әуезов, Жетісу, Алатау аудандарының тұрғындары жарықсыз қалған. Алайда қала тұрғындарынан Алмалы және Бостандық аудандарында да жарық сөнгені туралы хабарлама түскен.

"Жарықтың сөнуіне қатты ыстық себеп болды. Тағы бір себебі - энергиямен жабдықтау бойынша ЖЭО-1-дің жыл сайынғы жазғы аялдамасы", - деді компания бас инженерінің орынбасары Нұржан Әділбеков.

"Алатау Жарық компаниясы" мәліметінше, ЖЭО-1 өшірілгеннен кейін артық жүктеме болған. Бұл 110 киловатт №103а және №149а электр беру желілеріндегі қуаттың көбеюіне себеп болған. Қабылданған шаралар нәтижесінде сағат 11.18-ге дейін барлық тұтынушыға электр қуаты қосылды.

Бұған дейін Алматыда КЕGОС желілеріндегі апат салдарынан жарық жаппай өшіп қалғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети