14 наурыз 2014 15:00

Алматыда "елес" автокөліктер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Алматы жолдарында "елес" автокөліктер пайда болды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаладағы кәсіпорындардың бірі таңғаларлық жайтқа тап болды. Кәсіпорын басшылығына Алматы қаласы ішкі істер департаментінен осы фирманың атына тіркелген көліктің жол қозғалысы ережесін бұзғаны туралы хат келген. Ондағы мәліметке қарағанда, ескі үлгідегі А376HK нөмірі бар ақ түсті Daewoo Nexia Мұстафин көшесінде келе жатып, гольф клубы маңында жылдамдықты асырып жүрген. Салынған айыппұл сомасы - 18 520 теңге. Бірақ хатқа қосымша ретінде берілген фотосуретте А376HK нөмірі бар Daewoo Nexia емес, қара түсті Lexus бейнеленген. Кейін компанияның 2014 жылдың ақпан айында Daewoo Nexia-ны сатып, оны полицияның есебінен шығарғаны анықталды. Дегенмен айыппұлдың не себепті бұрынғы қожайынға келіп отырғаны және тіркеуден шығарылған нөмірдің басқа автокөлікке қалай берілгені түсініксіз болып тұр. Полиция әзірше бұл жайтқа қатысты түсініктеме берген жоқ. Бұған дейін Астанада біп-бірдей мемлекеттік нөмірі бар екі көлік анықталған болатын. Mazda CX7 қожайыны өзінікінен аумай қалған көлікті байқайды. Кейін "егіз" көліктердің бір сыңарының Мәскеуден ұрланғаны белгілі болды, көп ұзамай жалған нөмірлі көліктің қожайыны да табылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети