Алматыда емхана алдындағы ұзын-сонар кезек видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда емхана алдындағы ұзын-сонар кезек видеоға түсірілді Видеодан алынған кадр

Алматыдағы №7 МҚК жанындағы емханадағы науқастардың кезекте тұрғаны видеоға түсірілді. Олар дәрігердің қабылдауына кіре алмай жатқанына шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы №7 МҚК жанындағы емханадағы науқастардың кезекте тұрғаны видеоға түсірілді. Олар дәрігердің қабылдауына кіре алмай жатқанына шағымданған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде №7 емханаға кірер алдында түсірілген видео тарады. Кадрларда медициналық ұйымның кіреберісінде тұрған ондаған адам көрінеді. Келушілердің бірі аурухана қызметкерлеріне айғайлайды.

"8.00-ге кіру үшін таңертеңгі сағат 7.00-ден бастап кезекте тұр, бірақ бәрібір кірмейді. Медициналық қызметкерлер айғайлап жүр. Ауруханаларда тәртіпті келтіру бойынша шаралар қабылдауды сұраймыз", - деп жазды ролик авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | ???? (@kris.p.online)

Емахананың баспасөз қызметінің өкілдері медициналық ұйымның сағат 8.00-ден бастап істейтінін және дәрігерге алдын ала жазылу керегін айтады.

"Коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында емханаға кірер алдында дезинфекциялау жұмыстарын жүргіземіз.

Қызметкерлер келушілерге әлеуметтік қашықты сақтау туралы үнемі ескертеді бірақ бәрі бірдей бұл талапты тыңдамайды. Осы жағдайды пайдалана отырып, емхана әкімшілігі өз пациенттерінен санитарлық нормаларды сақтауын сұрайды", - деді  №7 емхананың баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети