Алматыда ер адам 250 мың доллар бар сейфті ұрлап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам 250 мың доллар бар сейфті ұрлап кеткен Фото:polisia.kz

Алматы полициясы пәтер ұрлығына күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы пәтер ұрлығына күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Медеу ауданының полицейлері Алматы облысының 34 жастағы тұрғынын ұстаған.

"1989 жылы туған И. есімді ер адам терезе арқылы бөтен біреудің үйіне кіріп, одан жасырын түрде сейфті ұрлап кеткен. Сейфтің ішінде ірі көлемде ақша болды. Ұрлық болған кезде үй иелері болмаған, олар бірнеше күн бұрын демалысқа кеткен. Отағасының айтуынша, ол жеке кәсіпкер. Оның сейфінде 250 мың доллар болған. Жедел және арнайы іс-шаралардың нәтижесінде қылмыс ашылды. Күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Күдіктінің тұрғылықты жерінде тінту жүргізілді. Ол ұрланған ақшаны тығып қойған. Айғақты заттар тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына тіркелді", – деді Медеу аудандық Полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети