Алматыда ер адам автобус бақылаушысын ескерту жасаны үшін пышақтап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы ПД

Алматыда ер адам қоғамдық көлік бақылаушысын пышақтап, қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда ер адам қоғамдық көлік бақылаушысын пышақтап, қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қаласы Полиция департаменті мәліметінше, шабуыл Наурызбай ауданындағы соңғы аялдамалардың бірінде болған.

"Автобустың бақылаушысы өтіп бара жатқан адамға рұқсат етілмеген жерде шылым шеккені үшін ескерту жасаған. Осыған байланысты ер адамдар арасында жанжал туындады. Кейін ер адам автобус салонына жүгіріп кіріп, қарсыласына пышақ жарақатын салды", - деді Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

Автобус контролері жедел жәрдем бригадасымен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

"Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті "ізін суытпай" ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыс қаруы - асүй пышағы тәркіленді", - деп толықтырды Науатов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети