Алматыда ер адамдар жанжалы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда ер адамдар жанжалы видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде Алматыдағы аулалардың бірінде түсірілген видео пайда болды. Ер адам өзіне шабуылдамақ болған бір топ ер адамды телефонына түсіріп жатқаны көрінеді. Ер адам қашып жүргені көрінеді, кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары келеді.
Алматы полициясы Бостандық ауданы ПБ-ға техникалық қызмет көрсету орталықтарының бірінде ер адамдар арасында жанжал болғаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.
"Олар ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді, бір-біріне арыз беруден бас тартты. Сонымен қатар, оқиғаға қатысушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп хабарлады полиция.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!