Полиция Алматыда инкассатор фургонының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Полиция Алматыда инкассатор фургонының қатысуымен болған жол-көлік оқиғасына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбекке сілтеме жасап.
Ірі жол-көлік оқиғасы 14 мамырда сағат 02.45-те болды. Honda автокөлігі Қабанбай батыр көшесімен жоғары жылдамдықта батыс бағытта келе жатқан. Ол Желтоқсан көшесімен қиылыста бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп, ГАЗ2105 инкассатор фургонымен соқтығысты, фургон соның салдарынан аударылып қалды.
Жол апатының салдарынан үш адам зардап шекті: Honda автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы - 1994 және 1997 жылы туылған жігіттер, сонымен қатар, инкассатор фургонының жүргізушісі - 1978 жылы туылған ер адам. Олардың барлығы алматы облыстық клиникалық ауруханасына әртүрлі жарақатпен жеткізілді. "Жол апатынан бірнеше минут бұрын Honda жоғары жылдамдықпен жол патрульдік полициясы экипажының алдынан өте шығыпты. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл автокөлікті бағдарлау туралы жақындағы полиция экипажына хабарлаған. Алайда бірнеше көшеден кейін Honda жол апатына түсті. Сондықтан, ол кезде көлікті қудалау болған жоқ", - деп түсіндірді Әзірбек.
Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бірқатар сараптама жүріп жатыр. Бұған дейін полицейлерден қашып келе жатқан Honda автомобилінің үлкен жылдамдықпен инкассатор фургонына барып соғылғаны және оның салдарынан инкассатор көлігі аударылып, ал соққан көлік жол белгісін құлатқаннан кейін ағашқа барып тірелгені хабарланған болатын.