02 маусым 2016 08:46

Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкіліне сілтеме жасап.


Алматыда жаңадан салынған үйдің тұрғындары эвакуацияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ресми өкіліне сілтеме жасап.

Айта кетейік, ТЖ Алатау ауданындағы Алғабас ықшамауданында (Момышұлы және Ақын Сара көшелерінің қиылысы) болды. Ықшамауданның тұрғындары №1-136 үйдің апат жағдайында тұрғанын, ал тұрғындардың көшіріліп жатқанын айтады. Олардың айтуынша, толастап жауған жаңбырдан үйдің жертөлесіне су толып қалған.

ТЖ өкілінің мәліметінше, үй астындағы жер отырып қалған және содан үй қисайған. Бұл үйде шамамен 200 адам тұрады. "Тұрғындарды эвакуациялау туралы шешімді комиссия шығарды. Қазіргі уақытта оларды қонақүйге қоныстандыру жұмыстары жүріп жатыр. Оқиға орнына барлық жедел қызметтер тартылған: қызметкерлер кезекке тұрып, түні бойы болады. Үйде газ өшірілді, бұл осындай жағдайлардағы қалыпты әдіс, ешқандай қауіп жоқ", - деді ТЖ комитетінің ресми өкілі. 

Ол полиция қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп тұрғанын хабарлады. Ал бүгін, 2 маусымда арнайы комиссия құрылып, осы төтенше жағдай бойынша шешім шығарады. Соңғы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды екен.


© "Территория происшествий"

Редакцияға оқырмандар үйдің суреттерін жолдады


Оқырманның суреттері

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети