Алматыда жанармай бекетіндегі улану: дәрігерлер үш жұмысшының жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жанармай бекетіндегі улану: дәрігерлер үш жұмысшының жағдайын айтты Фото: instagram.com/kris.p.online

Алматылық дәрігерлер жанармай бекетінде құдыққа түсіп уланған жұмысшылардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматылық дәрігерлер жанармай бекетінде құдыққа түсіп уланған жұмысшылардың жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Дәрігерлердің сөзінше, зардап шеккендер Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына жеткізілген. Барлық үш қызметкер есін жиғаны, бірақ жансақтау бөлімінде жатқаны белгілі болды.

"Жансақтау бөліміне ес-түссіз үш адам жеткізілді. Оларда жанармай бекетінде метанмен улану белгілері болды. Қазіргі уақытта үшеуі де реанимацияда, есін жиды. Дәрігерлер олардың жағдайын ауыр деп бағалап отыр", - деп хабарлады Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Бұған дейін Алматыда жанармай құю станциясының үш қызметкері есептегіштің көрсеткіштерін алу үшін құдыққа түскені хабарланған болатын. Алайда жер астында олар белгісіз газбен уланған. Оқиға Шығыс айналма автомобиль жолында орналасқан жанармай бекетінде болды. Оқиға себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course up  601  course up  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети