Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жанармай бекетіне шабуыл жасағандар видеоға түсіп қалды

Алматыда бетперде киген үш адам жанармай бекетінде қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда бетперде киген үш адам жанармай бекетінде қарақшылық шабуыл жасады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылдың 12 тамызында, таңертең полицияға, бетперде киген үш адам жанармай бекетінде қарулы қарақшылық шабуыл жасағандығы туралы хабарлама келді. Жедел-іздестіру шаралары барысында бетперде киген үш ер адамның, Алматы қаласының аудандарының бірінде орналасқан жанармай құю бекетінің ғимаратына кіріп, тапаншаны қолданамын деп қорқытып, 52 мың теңге көлемінде қаражатты иемденіп, кейін белгісіз бағытта жоғалып кеткені анықталды.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде осы қылмысты жасаған екі ер адам ұсталды. Олар Өзбекстан Республикасының азаматы болып шықты, біреуі бұрын сотталған, олар Алматы қаласының ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіге қатысты оны іздеу және қамауға алу шаралары жүргізілуде.

"Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети