Алматыда Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі Рысқұлов пен Шәріпов көшелерінің бойында ер адамды қағып, мерт қылды , - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.

Оқиға дүйсенбіге қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, жүргізуші белгісіз себептермен басқаруды игере алмай, қатты жылдамдықпен бордюрге шығып кетіп, жаяу жүргіншіні қаққан. Ер адам бағанаға соғысып, алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды.
Mercedes шамамен 100 метрге сырғып, аударылған. Автомобиль жүргізушісі әр түрлі деңгейдегі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
© "Территория происшествий" бағдарламасы