Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: Бір адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: Бір адам қаза тапты © "Территория происшествий" бағдарламасы

Алматыда Toyota Camry автомобилі жаяу жүргіншіні қағып мерт қылды, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы Саин мен Ұлықбек көшелерінің қиылысындағы "Нархоз" университетіне қарама-қарсы жерде болды.

Куәгерлердің айтуынша, Toyota Camry Саин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатып, жол жетіндегі бордюрге соғысып, артынша темір бағанға соғысты. Ары қарай көлік жаяу жүргіншіні қағып, екі ағашты қиратқан. Ер адам оқиға орнында қаза тапты. 

Жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жеткізілді. 

Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша Camry жүргізушісі алкогольдік ішімдік ішкен.

© "Территория происшествий" бағдарламасы

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети