Алматыда болған жол апатынан үш ересек пен екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда болған жол апатынан үш ересек пен екі бала зардап шекті, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол апаты Тұрғыт Озал мен Есенжанов көшелерінің қиылысында болған.
Куәгерлердің айтуынша, Opel жүргізушісі Есенжанов көшесімен шығыс бағытта, ал Lada Granta Тұрғыт Озал көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Бірақ Opel жүргізушісі жол ережесін сақтамай, қиылыстан өтіп кеткенде оны Lada көлігі соғып кеткен. Алған соққыдан Opel автожуу орнының қақпасына қарай ұшып кеткен.
Нәтижесінде жол апатынан бес адам зардап шекті: жүргізуші мен Opel көлігіндегі екі жолаушы және Lada көлігіндегі екі бала. Олар түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
© "Территория происшествий"