Алматыда жеңіл автомобиль жарық шамының бағанына соғылды, салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы 3 ақпанда сағат 5.00 шамасында болды.

Телеарнаның мәліметінше, Mercedes автомобилі Рысқұлов даңғылының бойымен шығыс бағытта қозғалған. Лобачев көшесінің маңында жүргізуші көлікті басқара алмай қалып, қарсы бағыттағы бағанға барып соғылады. Автомобильдің ішінде болған екі адам қысылып қалды.
Оқиға болған жерге құтқарушылар шақырылды. Арнайы құралдардың көмегімен олар екі жолаушыны алып шықты. Жүргізуші болса алған жарақаттарынан қайтыс болды.
СТВ телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы.