Алматыда жарылыс болып, бір адам қаза тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Алматыда әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысындағы үйде жарылыс болып, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оқиға куәгеріне сілтеме жасап. Жарылыс болған көпқабатты үйде тұратын ер адамның айтуынша, сағат 20.00 шамасында ол тарс етіп атылған дыбысты естіген. Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр, көше қоршауға алынды. Алдын ала мәлімет бойынша пәтерлердің бірінде жарылыстан ер адамның денесінің парша-паршасы шыққан. Полиция жарылыс дерегін және бір адамның мәйіті туралы ақпаратты растады, басқа мәліметтер әзірше жария етілген жоқ. "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасы тілшісінің мәліметінше, жарылыс "Орбита-4" ықшамауданындағы №6 үйде болған. Көршілерінің айтуынша, қайтыс болған жігіт анасымен және екі қарындасымен бірге тұрған. "Жас жігіт 15 жасында мүгедек боп қалды. Үйінде қарындастары жоқ кезде ол гранатамен өзін-өзі жарып жіберген. Анасы үйде болған, ол аса ауыр жарақат алмады. Оқиға орнында саперлер жұмыс істеді, олар үйде басқа жарылғыш зат болмағанын айтты", - дейді тілші. Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы мен басқа да шұғыл әрекет ету қызметтері жүр. Tengrinews.kz оқиғаны қадағалайтын болады.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro