Алматыда жарысқан автобустар бағдаршамға тоқтамады

05 Мамыр 2014, 17:45
0
Алматыда жарысқан автобустар бағдаршамға тоқтамады - ©Youtube.com
©Youtube.com

Алматыда жолаушылар автобустары қарсы бағытқа шығып кетіп, өзара жарысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға куәгері жарысты бейнежазбаға түсіріп алған.

Роликтен №67 автобустың кенеттен бірнеше машинаны басып озып, қарсы бағытқа шығып алғанын көруге болады. Онымен қоймай, өзге көліктердің бәрі бағдаршамның қызыл жарығына аялдаған кезде автобус ары қарай жүйтки береді. Оның артынан тағы бір автобус жүйткіп келіп, қызыл шамға тоқтамай өтіп кетеді.  

№2 автобус паркінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне көшеде жарысқан жүргізушілерге қатысты міндетті түрде тиісті шара қолданылатынын хабарлады. "Қазіргі уақытта автобус жүргізушісінің кім екенін анықтап жатырмыз. Олардан түсініктеме алынатын болады, олардың бұдан ары жұмыс істеу мәселесі шешіледі", - деді парк қызметкерлері.

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай