26 маусым 2015 11:47

Алматыда жаяу жүргіншілерді ағаш басып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматыда жаяу жүргіншілерге арналған жолдың маңында ағаш құлап, екі адам зардап шекті. Оқиға бүгін сағат 10.30-да Шәріпов пен Шевченко көшелерінің қиылысында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, бағдаршамның қасында тұрған адамдарға талдың бұтақтары құлай бастаған. Оқиғаның салдарынан екі адам зардап шекті. Құлаған ағаштан бағдаршамға да зиян келді, сымдар үзілді. Оқиға орнына құқық қорғау органының қызметкерлері мен дәрігерлер шақырылды. Зардап шеккендер "жедел жәрдем" көлігімен ауруханаға жеткізілді. Олардың жағдайы туралы әзірше ақпарат жоқ.

Еске сала кетейік, 18 маусымда Павлодарда тамырымен жұлынған алып терек төрт көлікті жайпап кеткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, темір тұлпарлардың екеуі қатты зақымданып, екеуіне орташа деңгейдегі зиян келген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети