Алматыда жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден өткен адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Алматыда жаяу жүргіншіге рұқсат етілмеген жерден өткен адамды көлік қағып кетті, - деп хабарлайды "СТВ" телеарнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасының тілшісі.
Жол-көлік оқиғасы ВАЗ айналмасынан төмен Лавренев көшесінде болды.
Volkswagen Polo автокөлігі жүргізушісі солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Кенет жолға ер адам атып шыққан. Жүргізуші тоқтап үлгермей, жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол бойымен келе жатқан автобус жерде жатқан ер адамды байқамай, бес метрге дейін сүйреген.
Алған жарақатынан ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайын полиция анықтайтын болады.