Алматыда жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматыда жүкті әйел мінген жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 17 наурызда сағат 9.00 шамасында Рұсқұлов пен Шәріпов көшелерінінің қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі қиылыста сол жаққа бұрылмақ болған. Көліктер соқтығысқан. Жеңіл көлікті әйел адам басқарған.
Алматы Денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттіқ коммуналдық мамандырылған автокөлік кәсіпорнының басшысы Андрей Драгойдың айтуынша, жол көлік оқиғасы салдарынан Toyota көілігінде отырған екі қыз жеңіл жарақат алған. Оған қоса салонда жүкті әйел болған, бірақ оның баласын құтқару мүмкін болмаған.
"Бұл оқиғаны әкімшілік полиция өкілдері тексеріп жатыр. Біздің қызметкерден көлік жүргізу куәлігін алмаған. Оқиға егжей-тегжейлі тексерілмейінше ол жұмыстан шеттетілді. Куәгерлердің айтуынша, көліктің дабыл шамшырақтары қосулы болған", - деді Драгой.
Фото: instagram.com/kris_p_almaty
Посмотреть эту публикацию в InstagramПоявилось видео момента ДТП на Рыскулова/Шарипова с участием кареты скорой помощи...