Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жедел жәрдем көлігінің жол апатына ұшырауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері жедел жәрдем көлігінің жол апатына ұшырауына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.
Басқармадағылардың айтуынша, жол апатынан кейін жүкті әйел баласынан айырылып қалған.
"Жүкті әйел қалалық перинаталдық орталыққа жеткізілген. Жол-көлік оқиғасы акушерлік анемнезге себеп болмады. Баланың антенатальды өлімінің жол-көлік оқиғасына еш қатысы жоқ", - делінген хабарламада.
Бұл жағдай бойынша Алатау аудандық полиция басқармасының өкілдері тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері сот-медицина сараптамасы мен басқа да көлік-техникалық тексерістер жүргізілетінін айтты.
"Алтын уақыт" деген ереже жайлы ескерткім келеді. Ірі қалаларда кептеліс кезінде көлік саны 800-900 мыңға жетеді. Олар күнде қала ішінде жүреді. Өкінішке орай, біздің жүргізушілердің мәдениеті өте төмен. Олар жедел жәрдем көлігін көріп әдейі жол бермейді. Кей жағдайда дабыл шамшырақтары қосылған кезде, жол-көлік оқиғасы орын алады. Бірақ осы уақытта көліктің ішіндегі адамның өміріне қауіп төнуі мүмкін", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Еске салайық, кеше, 19 наурызда жедел жәрдем көлігінің жол апатына ұшырағаны хабарланған еді. Жол апаты 17 наурызда сағат 9.00 шамасында Рысқұлов пен Шәріпов көшелерінінің қиылысында болған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі шығыс бағытта жүріп бара жатқан. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан Toyota көлігінің жүргізушісі қиылыста сол жаққа бұрылмақ болған. Көліктер соқтығысқан. Жеңіл көлікті әйел адам басқарған.
Фото: instagram.com/kris_p_almaty