Алматыда жел тұрып, құлаған ағаш 16 көлікті қиратты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жел тұрып, құлаған ағаш 16 көлікті қиратты Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен

14 шілдеде Алматыда жаңбыр жауып, жел соғуы салдарынан 12 ағаш құлап, 16 автокөлік қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 шілдеде Алматыда жаңбыр жауып, жел соғуы салдарынан 12 ағаш құлап, 16 автокөлік қирады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қолайсыз ауа райынан кейін түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде жарияланады. Kris_p_brothers_official тобында ағаш құлап, көлікті қалай басып қалғаны түсірілген видео жарияланды.

Сондай-ақ, Желіде тасжол мен жаяу жүргіншілер жолына ағаш құлаған сәт түсірілген видео да бар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty | Алматы | (@kris_p_original)

Құтқару қызметінің мәліметі бойынша, 14 шілдеде сағат 9.00-ден 21.00-ге дейін Алматыда 6,6 миллиметр жауын-шашын түскен. Желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жеткен. Көліктерге ағаш құлаған 12 жағдай тіркелді. Бұл ретте қираған көлік саны - 16.

  • Алмалы ауданында - үш ағаш (төрт көлік);
  • Әуезов ауданында - үш көлік бүлінген;
  • Бостандық ауданында - төрт ағаш (жеті көлік);
  • Медеу ауданына – екі ағаш (екі көлік).

Сондай-ақ, қызмет барысында ағаштар мен бұтақтар көлік жолдарына, балалар алаңы мен жаяу жүргіншілер жолына құлаған 45 жағдай тіркелген.

Қалада жел мен жаңбыр салдарынан пайда болған аумақты қоқыстан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Магистрал көшелер бойынша жұмыстар аяқталған. Аудандар бойынша барлығы 150-ден аса жол жұмысшылары мен 80-нен аса арнайы техника жұмылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети