Алматыда "Алтын Диірмен" құрама жем комбинатында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Алматыда "Алтын Диірмен" құрама жем комбинатында өрт болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Нақтыланған мәліметтер бойынша, жалын Сүйінбай даңғылындағы қоймалардың шатырынан басталған. Оттың басқа нысандарға жайылып кету қаупі байқалды. Сағат 13.15-те оқиға орнына 11 негізгі және жеті арнайы техника барды. Өртенген аумақ - 220 шаршы метр. Төтенше жағдайлар департаментінің соңғы мәліметінше, жалын 13.57-де ауыздықталып, 14.23-те сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Мұның алдында Алматыдағы ірі өрт кезінде екі адам қайтыс болып, тағы үш адам ауруханаға түскен еді. Зардап шеккендердің арасында бір бала бар. Өрт 14 маусым күні Түрксіб ауданындағы "Алматы логистик центр" ЖШС аумағында болды. Тігін цехы мен наубайхана орналасқан бірқабатты ғимараттың 750 шаршы метрін жалын шарпыды. Өртті сөндіруге 50 маман мен 13 арнайы техника қатысты. Оқиға орнынан 300 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрттің себебі анықталып жатыр.