17 тамыз 2016 | 15:51

Алматыда жеңіл көлік су таситын машинаны соқты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Youtube желісіндегі кадрдан үзінді Youtube желісіндегі кадрдан үзінді

Алматы қаласының әл-Фараби даңғылында жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосын куәгер жолдады. 


Алматы қаласының әл-Фараби даңғылында жол апаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиғаның видеосын куәгер жолдады. 

Видеоның кадрларынан жол апатының "Қазақфильм" ықшамауданында болғанын көруге болады. Ақ түсті жеңіл көлік жолды екіге бөліп тұратын газонның жанында тұрған су таситын көлікке соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы болған кезде коммуналдық қызметтердің жұмысшылары көшеттерді суғарып жатқаны көрінеді.

"Мен осы жол апатының жанынан өттім және видеоға түсіріп алдым. Оқиға әл-Фараби даңғылы мен Гагарин көшесінің қиылысында шамамен 13.45-те болған. "Су шашатын көлікке" Toyota Corolla кіріп кетті. Зардап шеккендердің бар-жоғын білмеймін. Жол апатының салдарынан кептеліс пайда болды", - деді жол апатының куәгері Азамат.

Оның айтуынша су таситын көліктер жол апаты жағдайын көп туғызады, себебі жұмысшылар ескерту белгілерін қоймайды. Сол себепті көліктер легімен келе жатқан жүргізушілерге дер кезінде әрекет ету қиынға соғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 481.11   538.01   5.16 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети