Алматыда жер сілкінісінен кейін жолайрықтар мен көпірлер тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жер сілкінісінен кейін жолайрықтар мен көпірлер тексерілді Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда 4 наурызда болған жер сілкінісінен кейін жолайрықтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайы тексерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 4 наурызда болған жер сілкінісінен кейін жолайрықтар мен жаяу жүргіншілер өткелдерінің жағдайы тексерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық мобилділік басқармасы мәліметінше, жер сілкінісінен кейін мамандар 36 жолайрық пен көпірге, 45-тен аса жер үсті және жерасты жаяу жүргіншілер өткеліне визуалды тексеру жүргізген.

"Ешқандай зақым анықталған жоқ, алайда көпірлер мен жол өткелдерін егжей-тегжейлі тексеру жұмыстары жалғасып жатыр", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Алматыда 4 наурызда таңертең күші 5 балдық күшті жер сілкінісі болды. Мектептердегі, колледждердегі және университеттердегі сабақтар тоқтатылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.05  course down  595.85  course down  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети