Алматыда жерасты өткелінде белгісіз біреу қызды зорламақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жерасты өткелінде белгісіз біреу қызды зорламақ болған Фото: Тұрар Қазанғапов

Алматыда жерасты өткелінде белгісіз біреу 23 жастағы қызды зорламақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жерасты өткелінде белгісіз біреу 23 жастағы қызды зорламақ болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл мәліметті қалалық полиция департаменті растады.

Әлеуметтік желілерде Ақкент ықшамауданында қызға шабуыл жасалғаны туралы хабарламалар тарап жатыр. Instargam желісіндегі almaty_kris_p парақшасындағы мәліметке сүйенсек, белгісіз біреу қызды зорламақ болған.

"23 жастағы қыз жерасты өткелінен өтіп бара жатқан. Бір сәтте бір ер адам қызды сүйреп алып, қылқындырып, ұрып-соғып, артынша зорлаған. Қазір ол іздестіріліп жатыр. Бұл өткелде бірде-бір камера жұмыс істемейді екен. Бұл үшін кім жауап береді?", - дейді видео авторы.

Полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша тіркелді. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Оқиғаның мән-жайы мен күдіктіні анықтау мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Сот-медициналы сараптама тағайындалды, нәтижесін күтіп отырмыз. Барлық кешенді іс-шара жүріп жатыр. Кінәлі адам анықталып, Қылмыстық кодекс бойынша қатаң жазаланады", - деді полицейлер.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети