Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті Фото ©Tengrinews.kz

Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жеті нысанға мина қойылды деген хабар түсті. Полиция тексеріс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы полиция департаментіне қалада үш банк, екі сауда және ойын-сауық орталығы, әуежай және оқу орнына мина қойылды деген хабар түскен. Қазір қаланың шұғыл жедел қызметтері нысандарды тексеріп жатыр. 

"Алматы Полиция департаменті қызметкерлері нысандардың үшеуін тексеріп үлгерді. Ақпарат расталмады. Тексерісті саперлер арнайы техникамен жүргізіп жатыр. Қауіпсіздік мақсатында барлық нысаннан барлық қызметкер мен келушілер эвакуацияланды", - деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Алматы халықаралық әуежайы да ақпаратты растады.

"Әуежай терминалы аумағында бомба қойылғаны туралы ақпарат түскенін растаймыз. Қауіпсіздік хаттамасына сәйкес, жолаушылар мен қызметкерлер эвакуацияланды", - деді әуежай баспасөз қызметінің өкілдері. 

Фото: Tengrinews.kz

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от KRIS.P АЛМАТЫ|ALMATY🇰🇿🔞⚠️💯 (@krisp__almaty)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети