Алматыда жезөкшені көлік қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жезөкшені көлік қағып кетті Иллюстрация

Алматыда автокөлік қызды қағып кетті, кейін ол біреулердің оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда автокөлік қызды қағып кетті, кейін ол біреулердің оны жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 6 мамырда сағат шамамен 18.00-де Алматы қаласындағы Сүйінбай даңғылында автокөлік 1989 жылы туған Н. деген азаматшаны қағып кеткен, кейін ол біреулердің оны заңсыз ұстап, жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлегендерін айтты.

"Н. деген азаматшаның арызы сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 308-бабы бойынша тіркелді. Күдіктілер ұсталып, ІІД-ге жеткізілді. Қазіргі таңда Алматы ІІД ҚТҚБ қызметкерлері оқиғаның нақты мән-жайы мен берілген мәліметтердің растығын анықтау үшін жедел әрі тергеудің кешенді шараларын жүргізіп жатыр", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Н. деген азаматшаның 2009 жылдан бері жезөкшелікпен айналысқан тұлға ретінде ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қылмыстық есебінде тұрғаны анықталды. Сондай-ақ, оның жезөкшелікпен айналысатындарды және оларға қызмет ететін притондар мен орындарды анықтап, жою мақсатында жүргізілген жедел-профилактикалық шаралар мен рейдтердің нәтижесінде ішкі істер органдарына жеткізілгені белгілі болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети