Алматыда қазан айының басында жоғалып кеткен 28 жастағы Ольга Городецкая Мәскеуден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алматыда қазан айының басында жоғалып кеткен 28 жастағы Ольга Городецкая Мәскеуден табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еріктілердің айтуынша, екі баланың анасы Ресей территориясында ауруханадан табылған. "Ольга Городецкая табылды. Келіншек тірі, ауруханада, Мәскеуде. Еріктілер Ольганың туыстарымен және Қазақстанның РФ-дағы Консулдығымен бірігіп, Ольганы таяу уақытта үйіне қайтарып, осы іс бойынша барлық сұраққа жауап береді", - деп жазды ерікті Ислам Угушев Facebook желісіндегі парақшасында.
Еске салайық, 4 қазанда келіншек Mega Park сауда орталығына кіріп, кейін көшеге шыққан соң жоғалып кеткен.